Испаниялық фермер 2000 жылдық тарихы бар қала тауып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испаниялық фермер 2000 жылдық тарихы бар қала тауып алды

20.08.2015
Испаниялық фермер 2000 жылдық тарихы бар қала тауып алды

Испанияда фермер трактормен жер жыртып жүріп, өткен ғасырдың ізін тапты. Мұндағы ең құнды жәдігер ежелгіримдік елді мекеннің үйіндісі  болып отыр.  

Кордова ауылындағы Атегуа археологиялық қазба жұмыстары 1980 жылдары басталған.  Соның арқасында қаланың Юлий Цезардың Помпеймен шайқасы кезінде шешуші рөл атқарғаны анықталды. 

Араб халифаты кезінде Атегуа да Испанияның өзге қалалары сияқты маврлардың қолына өткен. Археологтар олардың да қалдықтарын тапты. Ал, орта ғасырларда тұрғындар бұл жерлерден көшіп кеткен.

Бүгінде көне қаланың аумағы қоршауға алынды. Алайда, сарапшылар қала аумағын кеңейту керектігін айтады. Себебі, тарихи жәдігерлер әлі де болса табылуы мүмкін.

Хабарламаларға жазылу