Қазақстан мен Бельгия көлік саласында ынтымақтастықты нығайтады
Брюссельде өтіп жатқан «Global Gateway» форумы аясында еліміздің көлік министрі Марат Қарабаев еуропалық әріптестерімен кездесу өткізді. Көлік жөніндегі еурокомиссар Адина Вэлянмен кездесуде Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселелері талқыланды. Бельгия премьер-министрінің орынбасары Жорж Гилькинемен өзара әңгімелесуде Марат Қарабаев екі елдің жүк тасымалдаушылары арасында ынтымақты арттыруды ұсынды. Сондай-ақ, еуропалық компанияларды Ақтау, Құрық порттары базасында халықаралық порт-логистикалық кластер құруға қатысуға шақырды.
Жорж Гилькене, Бельгия премьер-министрінің орынбасары, Бельгияның көлік министрі:
Біз елдеріңізден шикізат материалдарын алуға ынталымыз. Осы материалдарды Еуропаға кедергісіз тасымалдау үшін мықты дәліздер керек. Болашақта Қазақстанның қай инфрақұрылымына инвестиция құюға болатынын талқыладық. Бізді пойыз инфрақұрылымы қызықтырып отыр.
Ульдис Рейманис, Латвияның көлік министрі:
Біз порт, транзит мәселесін, ЕуроОдақ пен Қазақстан тасымадаушыларының еркін жүріп-тұруын талқыладық. Инвесторларды көбейту арқылы ЕуроОдақ пен Қазақстан қатынасын нығайтамыз деген сенімдемін.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
М.Өтекешеваның халықаралық театр фестивалі басталды
02.10.2026, 17:38
Азиада: Таеквондодан 1 алтын
02.10.2026, 17:36
Азиада: Қоржында қос алтын
02.10.2026, 17:35
Қызылорда ұстаздары оқу бағдарламасына ЖИ енгізуге ынталы
02.10.2026, 17:30
Ақмола облысында 16-вокзал жаңартылды
02.10.2026, 17:27
Астанада травматолог-ортопедтердің халықаралық конгресі өтіп жатыр
02.10.2026, 17:24
Маңғыстауда онкология мен қант диабетінің көрсеткіші өскен
02.10.2026, 17:22
Ауылдарда медициналық мекемелер ашылып жатыр
02.10.2026, 17:20