Алматыда қару арсеналы жасырылған орын анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қару арсеналы жасырылған орын анықталды

30.01.2024

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады. «Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 200-ден астам патрон табылды.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу