Алматыда тоғайда жасырылған қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тоғайда жасырылған қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

19.03.2022

Алматыда түрлі оқ-дәрілер мен қару жасырылған орын табылды. Баум тоғайында екі мылтық, револьвер, пышақ, Калашников автоматының патрондары, гранаталар, оқ өтпейтін жилет пен полицияның жейдесі, ағаш жанында шұңқырға көмілгені анықталды. Табылған заттардың нақты кімге тиесілі екені әзірге белгісіз. Қалалық құқық қорғау органдарының өкілдері, заттар қаңтардағы оқиғаға қатысқан бүлікшілерге тиесілі болуы мүмкін, - дейді. Жасырын орын туралы жедел ақпарат, қоныс колониясының қызметкерлеріне келіп түскен. Қазір қосымша тергеу жүріп жатыр.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу