Алматыда 78 дана атыс қаруы жасырылған орын анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 78 дана атыс қаруы жасырылған орын анықталды

30.03.2022

Алматыда 78 дана атыс қаруы жасырылған орын анықталды. Әскери арсенал ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен тәркіленді.

Қуан Нұрақын, тілші:

Полицияның хабарлауынша, күдікке ілінген бес адам қамауға алынған. Олар қару-жарақты Алматы облысының аумағында жасырған. Олардан 2 «Калашников» автоматы, 2 «Макаров» және «ТТ жауынгерлік тапаншасы, 3 аңшылық карабин, 2 тегіс ұңғылы винчестер, 13 шолақ және 53 аңшы мылтығы, 3 травматикалық тапанша, сондай-ақ, әртүрлі атыс қаруына арналған 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленді. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Табылған қару-жарақтың қайдан алынғаны, кімге тиесілі екені анықталып жатыр.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу