Қарулы күштер қызметкері Әлем кубогында қола жүлдегер атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарулы күштер қызметкері Әлем кубогында қола жүлдегер атанды

29.01.2024

Қарулы күштер қызметкері Әлем кубогында оқ атудан қола жүлдегер атанды. Египет астанасы Каирде өтіп жатқан чемпионатқа 66 елдің 600-ден астам спортшысы қатысып жатыр. Жартылай финалда Қарулы күштер қызметкері Валерий Рахымжан мен Ирина Юнусметова итальяндық спортшыларды 16:8 ұпаймен жеңді. Бұл көрсеткіш жерлестеріміздің Франциядағы 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алуға мүмкіндік береді. Әлем кубогына өзге де Қарулы Күштер қызметкерлері қатысып жатыр. Жарыс бірінші ақпанға дейін жалғасады.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу