Назым Қызайбай бокстан 2 дүркін Әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назым Қызайбай бокстан 2 дүркін Әлем чемпионы атанды

27.05.2016
Назым Қызайбай бокстан 2 дүркін Әлем чемпионы атанды
Бұл медаль Назым Қызайбайдың Әлем чемпионаттарында алған үшінші жүлдесі. Ол ең бірінші рет 2012 жылы Қытайда өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионтында қола жүлдегер атанды.

Содан кейін, 2014 жылы Оңтүстік Кореяда өткен турнирдің жеңімпазы атанып, Әлем чемпионы атағына қол жеткізген. Енді міне Астанада алғаш рет ұйымдастырылған әлем біріншілігінде ел намысын жоғары деңгейде қорғап, барлық қазақстандықтардың үмітін ақтады.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу