Екатерина Ларионова - Азия чемпионатының қола жүлдегері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екатерина Ларионова - Азия чемпионатының қола жүлдегері

27.04.2014
Екатерина Ларионова - Азия чемпионатының қола жүлдегері
Батысқазақстандық палуан қыз Екатерина Ларионова Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Қола жүлде үшін бәсекеде ол 63 келі салмақта вьетнамдық Ли Тхи Хьенді жеңді.
 
Екатерина - ересектер арасында Венгрияда өткен 2013 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сондай-ақ, ол кадеттер арасында Азия, Әлем біріншіліктерінің жеңімпазы.
 
Спортшының айтуынша, оның ендігі мақсаты - 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында ел намысын абыроймен қорғау.

Хабарламаларға жазылу