Министр мобильді аударымдарға қатысты түсінік берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр мобильді аударымдарға қатысты түсінік берді

26.01.2024

Мобильді аударымдар жаппай тексеріледі деп алаңдауға негіз жоқ. Бұл туралы бүгін Ұлттық арнаның «Жедел желі» бағдарламасында қонақта болған Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Оның сөзінше, былтыр банк қосымшалары арқылы 80 триллион теңге аударылған. Бұл қыруар қаржының барлығын тексеру мүмкін емес. Тіпті Кіріс комитетінің алдында мұндай мақсат жоқ, - дейді. Бастысы, адамдар мобильді аударымдар арқылы кәсіп жүргізбеуі керек. Сондықтан аударымдарға тек мониторинг жасалады. Егер аударым саны ай сайын 100-ден асып, үш айда 300 болса, тексеріс болуы мүмкін. Бірақ ол туыс, достар арасында немесе қайырымдылық мақсаттарында болса, ештеңе етпейді. Тіпті министр алдағы уақытта бұл критерийді өзгертуге дайынбыз дейді.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі:

Айына 100 мобильді аударым деген Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан шығарылған бұйрық. Бұл кейін 150, 200 болуы мүмкін. Оны мониторинг, сараптау үшін ғана қолданып отырмыз. Егер де бұл операция халыққа қолайлы болып, аударылғандар көп және кәсіпкерлікке жатпайтын болса, критерийді қайта қарастыруға дайынбыз.


Хабарламаларға жазылу