Министр мобильді аударымдарға қатысты сұрақтарға жауап берді
Мобильді аударымдар тексерілгеннен кейін кәсіпкерлер көлеңкелі бизнеске көшіп кетпей ме? Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ондай қауіп жоқ деп отыр. Соңғы 3-4 жылда көлеңкелі экономиканың үлесі 27 пайыздан шамамен 19 пайызға дейін төмендеген. Шағын және орта бизнеске салықтық жеңілдіктер де қарастырылған. Өзгерістің мақсаты мобильді аударымдарды бақылау,- дейді. Ал тауар бағасы қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз да бір болуы тиіс. Заң бұзылған жағдайда 1414 нөміріне хабарласуға болады. Министр аударымдарды бақылау қазынаға көбірек қаражат түсіру мақсатында жасалып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары-қаржы министрі:
Бұл оған байланысты емес. Себебі мобильді аударымдарды тексеру қазірдің өзінде жүріп жатыр. Алдыңғы шепте мемлекеттік қызметкерлердің, квазимемлекеттік қызметкерлердің аударымдары бойынша бақылау жүргізіп отырмыз. Бірақ бірде-бір қызметкерге немесе жалпылай декларацияға өткен тұлғалардың ешқайсына салықтық тексеру жүрген жоқ. Себебі олар заң аясында аударымдарды жүргізіп жатыр.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06