Жамбыл облысы 8 баллдық сейсмикалық қауіпті аумақта жатқан өңірдің бірі саналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысы 8 баллдық сейсмикалық қауіпті аумақта жатқан өңірдің бірі саналады

26.01.2024

Жамбыл облысы 8 баллдық сейсмикалық қауіпті аумақта жатқан өңірдің бірі саналады. Ал аймақ зілзала қатеріне қаншалықты дайын? Төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерді жедел жеткізетін уақытша пананау орындары қайда орналасқан? Осы сауалға жауап іздеген түсірілім тобы арнайы орындарды аралап шықты. Бүгінде облыс аумағында ұзын саны 318 уақытша құтқару нысаны бар. Оның 70-ке жуығы Тараз қаласында орналасқан. Бірақ бұл нысандардың дені оқушылар баратын орта мектептер. Жаман апйтпай жақсы жоқ, алда-жалда төтенше жағдай болса, уақытша паналау орындарының бар екенінен кейбір қала тұрғындары бейхабар болып шықты.

Ал төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері халықты хабардар етудің түрлі тәсілдерін қолданып жатырмыз дейді. Облыс бойынша 119 дыбыстық сигналдық құлақтандыру жүйесі бар. Алайда аймақта жер астына жасырынатын арнайы орындар қарастырылмағандықтан, мектептер таңдалған екен. Кейбір аудандарда білім беру ошақтарынан бөлек, спорт және мәдениет нысандары да қарастырылған.

Жалғас Абдуалиев, Облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

Жалпы зардап шеккен халықты қабылдау пункттері сейсмо күшейтілген мекемелердің базасында құрылған және басқа бұл басқа мекемелермен салыстырған кезде қирау қауіпі төмен болғандықтан, осындай мекемелер бекітілді. Төтенше жағдайлар департаментінің құлақтандыру көліктерімен және патурльдік полиция көліктерімен құлықтандыруды жүзеге асырамыз.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу