Құрылыс нысандары зілзалаға төтеп бере ала ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрылыс нысандары зілзалаға төтеп бере ала ма?

05.04.2023

Елде жаңадан салынып жатқан ғимараттар сейсмикалық талаптарға сай емес. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар осындай мәселе көтерді. Бақытжан Базарбектің айтуынша, құрылыс компаниялары Жер кодексі мен Сәулет-құрылыс нормаларын сақтамайды. Әсіресе, Алматы қаласында жағдай қиын. Сел жүру қаупі жоғары тау беткейіне де жаңа үйлер салынып жатыр. Мәжілісмен Түркиядағы зілзаладан сабақ алуға тиіспіз дейді.

Бақытжан Базарбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

33 пайыз соғылып жатқан құрылыс объектілері заңсыз. Сейсмикалық қауіпті, тектоникалық аймақтарда соғылған. Және сел қауіпті туындап жатқан. Құрылыс нормалары сақталмайды. Заң сақталып жатқан жоқ. Ал іс жүзінде қала құрылыс нысандарына толып тұр.

Төтенше жағдай министрінің мәліметінше, Қазақстан аумағының 40 пайыздайы сейсмикалық қауіпті болып саналады. Құрылыс стандарттарын реттемей болмайды деген Юрий Ильиннің сөзінше, мұндай жұмыстар қосымша қаржы мен жаңа заң жобасын дайындауды талап етеді.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдай министрі:

Ірі қалалар ғана емес, ауыл-аймақтарға да мән берілуі керек. Қазақстанда әлі күнге дейін саман кірпіштен үй салынып жатқан елдімекендер көп. Бұл- ешқандай нормаға сай емес, баспаналар зілзалаға мүлде төтеп бере алмайды.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу