Қарағанды облысының 4 елдімекенінде ет-сүт өнімдерін сату үшін тасымалдауға тыйым салынған. Өткен жылы мамандар үй жануарларының ауруы тіркелген 22 ошақты анықтаған. Төртеуінде әлі шектеу шаралар сақталған. Мысалға Қарқаралы ауданында бруцеллез бен құтыру бойынша ветеринарлық талаптар қойылған. Ал Бұқар жырау ауданындағы Үміткер ауылында өткен жылдың мамыр айында енгізілген шектеу әлі алынбаған. Онда жылқы арасында лимфангит, Африкалық сап тараған. Бұл кесел тек жұмыр тұяқты жануарларға жұғады. Жылқы денесін ірің жайлап, жүріп-тұрудан қалады. Індеттің дәрісі әлі табылмаған. Қазір 185 жылқы жойылып, енді 80-і карантинде тұр. Жалпы өңірде өткен жылы мал ауруы 40 пайызға азайған. Дегенмен Топар кентінде ірі қарадан шыққан қарасан ауруы салдарынан бір адам қаза тауып, індет жұқтырған екі адам сауығып шықты. «Қауіпті індет шыққан елдімекендер қатаң ветеринарлық бақылауда болады», - дейді мамандар.
Қайырбек Тұрсынбеков, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:
Біз үш жыл бойы алдын алу, егу жұмыстарын жүргіземіз. Соған байланысты жыл қортындысы бойынша 5,5 млн ветеринарлық екпе жүргізілді. 1,4 млн жуық қан сынама басқада сынамалар алынып зерттелген. Сібір жарасынан 1,5 млн бас ауылшаруашылық мал егілді.
Руслан Нұрланұлы