Канвон-2024: Хоккейшілер Испания құрамасын жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канвон-2024: Хоккейшілер Испания құрамасын жеңді

23.01.2024

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасының кезекті күнінде спортшыларымыз жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Туризм және спорт министрлігінің өкілдері әлі де медальдан үміт бар, - деді. Әсіресе, хоккейшілерден. Ұлттық құраманың өрендері Испания құрамасынан басым түсті. Жігіттердің кезекті қарсыласы - Ұлыбритания өкілдері. Канвондағы қазіргі нәтижелерді Туризм және спорт министрінің кеңесшісі Диас Ахметшәріп бізбен тікелей байланысқа шығып, бөлісуге дайын.

 Диас Ахметшәріп - ҚР Туризм және спорт министрінің кеңесшісі:

Бүгін Канвонда жасөспірімдер олимпиадасының 4-ші күні. Бүгін спортшыларымыз өкінішке қарай жүлдеге ілінбеді. Дегенмен нәтиже жаман емес. Медаль саны бойынша бірінші орынға Германия командасы шықты. Ал екінші орында Мажарстан, үшінші орында Франция тұр. Біз Польша командасымен 9-шы орындамыз. Канвондағы жаңалық легі осындай.


 Диас Ахметшәріп 

Хабарламаларға жазылу