Қазақстан футзалдан Нидерланд құрамасын жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан футзалдан Нидерланд құрамасын жеңді

15.12.2023

Қазақстан футзалдан Нидерланды құрамасын 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында өткен ойынды тамашалауға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барды. Есепті бірінші таймның басында Біржан Оразов ашты. Артынша Нидерланд қақпасына екінші голды Жуниор Дуглас соқты. Осылайша Қазақстан өз тобында топ жарды. Енді әлем чемпионаты келесі жылдың қыркүйек-қазан айларында Ташкентте өтеді. Ұлттық құрама бүгінде Еуропа рейтингінде – төртінші, ал әлем рейтингісінде жетінші орында тұр.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу