Қазақстан футболшылары Тәжікстан құрамасын 2:1 есебімен жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан футболшылары Тәжікстан құрамасын 2:1 есебімен жеңді

13.08.2014
Қазақстан футболшылары Тәжікстан құрамасын 2:1 есебімен жеңді

Қазақстан футболшылары жолдастық кездесуде Тәжікстан құрамасын 2:1 есебімен жеңді.

Ойынның 36-шы минутында қарсыластар қақпасына соғылған алғашқы голдың авторы - Бауыржан Исламхан атанды. Екінші таймда қонақтар сапынан  Фарход Тохиров есепті теңестірді.

Араға аз уақыт салып, жерлестеріміз қайта алға озды. Бауыржан Исламхан бастаған шабуылды Дмитрий Мирошниченко қолдап, соңғы нүктені Ұлан Қонысбаев қойды.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу