Ақмола облысында қонақ үйге 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
Қызметкерлері астан уланған «Rixos» қонақ үйіне 5 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Мейрамханаға арнайы тексеріс жүргізген мамандар асханадағы кей тағамдардың жарамдылық мерзімі өтіп, қажетті құжаттары болмағанын анықтады. Оған қоса, сонда жұмыс істейтіндерге күнделікті арнайы тексерістер де жүргізілмеген. Айта кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын Бурабайдағы ең қымбат қонақ үйдің 21 қызметкері астан уланып, 9 адам ауруханаға түскен. Барлығына бактериялық ішек инфекциясы диагнозы қойылды. Кейін аудандық сан-эпид бақылау басқармасы қонақ үйдің мейрамханасына жоспардан тыс тексеріс жүргізген еді.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06