Президент айтқан негізгі бағыттарды заңмен бекіту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент айтқан негізгі бағыттарды заңмен бекіту керек

19.01.2024

Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге нақты бағыт-бағдар көрсетті. Неге басымдық берілу керегін де айқындап берді. Бұл туралы Президенттік орталық пен Парламентаризм институты ұйымдастырған дөңгелек үстелде айтылды. Қатысушылар Президент атап өткен негізгі бағыттарды заңмен шегелеу қажет, деп есептейді. Яғни, елде заң мен тәртіп үстемдік ету керек, дейді. Шараға қос палата депутаттары да қатысып, заң шығару процесіне қай тезистер негіз боларын талқылап, тиімділігін талдады. Жалпы, осы мақалада көтерілген мәселелерді халық арасында ілгерлетіп, ортақ пікір қалыптастыру басты мақсат, дейді халық қалаулылары.

Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «aуыл» партиясы фракциясының мүшесі:

Жалпы саяи қызметкерлер болсын, сарапшылар жалпы қоғам белсенділер біздің әрбір қарапайым жерлестерімізг, Қазақстандықтарға әрбір қарапайым тілмен түсіндіре білуіміз керек, мектептегі балдарға дейін де, мектептен бастамасақ ертең қоғам шығып кеткенде ата- анасынан бастап алған тәрбиесі, қоғамнан алған тәрбиесі болмаса ерте ол не азамат болып шығады. Сондықтан бүгінгідегі шара, сол бағытта ұйымдастырылып отқан шара деп түсініп жатырмыз.


Хабарламаларға жазылу