Ресейлік блогер Ташкенттегі биік телемұнараның ұшар басына шығып қаланы тамашалаған. Бұл әрекетін видоеоға түсіріп әлеуметтік желіге салған. Нысанның басшылығы бұл оқиғаның өткен жылы болғанын мәлімдеп отыр. Бірақ неге екені белгісіз блогер оны желідегі парақшасына жуырда ғана жариялапты. Ресей азаматы атақты телемұнараның ішіндегі мейрамханаға тамақтану үшін кірген. Видео түсіретін құрылғыны жасырын жолмен өзімен бірге алып жүрудің сәті түсіпті. Ас ішіп болған соң күзет қызметкерлеріне байқатпай мұнараның сыртындағы темір сатылар арқылы жоғары көтерілген. Айта кетейік, Ташкенттегі телемұнара 375 метрге жететін алып құрылыс. Биіктігі жағынан бұл нысан Орта Азия елдері бойынша екінші орында. Ал бірінші орында Екібастұз су электр стансасының түтін шығаратын мұржасы тұр. Оның биіктігі 420 метр.
Базаркүл Отыншиева