Бүгін IV қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарының алауы жағылады
Бірер сағаттан кейін Оңтүстік Кореяда төртінші қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы салтанатты түрде ашылады. Әріптесім Диас Ахметшәріп Олимпиада қалашығынан бізбен тікелей байланысқа шықты.
Диас Ахметшәріп, ҚР Туризм және спорт министрінің кеңесшісі:
Бірнеше сағаттардан кейін Канвонда төртінші қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады, ашылу салтанатына бірер сағат қалды. Салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Менің артымдағы Авал спорт кешеніне 8 мың адам сыяды. Ұйымдастыру комитеті, әрине, бұл кеште не болатынын құпия сақтауда. Бірақ, өздеріңіз білесіздер, корейліктер мұндай үлкен іс-шараға сондай тыңғылықты дайындалып, біздің шоу бағдарлама күтіп тұрғаны сөзсіз. Енді ұлттық құрамаға келетін болсақ, кеше Олимпиадалық қалашыққа ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев келіп, спортшылармен жүздесіп, сәттілік тіледі. Біздің жасөспірімдер түске дейін соңғы жаттығуларын өткізді. Түскі астан кейін автобустар легі жаңағы авал спорт кешеніне келе бастайды. Салтанатты шеруге 35 бала қатысайын деп отыр. Ертең таңертең жарысқа шығатын спортшылар салтанатты шеруден босатылды штабтың шешімімен. Өйткені олар тынығу керек, демалу керек бүгін. Ертең біздің Ұлттық құрама шорт-трек, шаңғы мен тұғырдан секіру, шайбалы хоккей және биатлон - 4 спорт түрінен сынға түседі. Өздерінің арыс жолын бастайды. Олай болса, біздің жас, жеткіншектерге сәттілік тілейік. Канвоннан олжамен, медальдармен ораламыз деген үмітіміз бар.
Диас Ахметшәріп
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды
25.12.2025, 10:13
Ерекше балаларға емделуге сертификаттар берілді
25.12.2025, 10:09
Ақмола облысында ұлттық жоба аясында 38 медициналық нысан салынды
25.12.2025, 10:07
Қостанай облысында 3 әлеуметтік баспана салынды
25.12.2025, 10:06
Гавайдағы жанартаудан атқылаған лава 420 метр биіктікке көтерілді
25.12.2025, 10:05
Күмістің бағасы 70 долларға жетті
25.12.2025, 10:04
Қазақстан күнбағыс майын экспорттайтын топ-10 елдің қатарына кірді
25.12.2025, 10:03
Әртараптандыру нәтижесі: Бұршақ дақылдарынан рекордтық өнім жиналды
25.12.2025, 10:03