Сенат Франциямен арада жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды мақұлдады
Сенат Франциямен арада жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды мақұлдады. Екі жақты келісім аясында ірі жобаларды іске асыру жоспарланған. Мәселен, құжатта Жамбыл облысы Мирный кентінің аумағында, жалпы қуаты 1 ГВт жел энергиясын пайдаланатын гибридті электр станциясын салу көзделген. Бұл - жаңартылатын энергия көздері секторын дамытуды жалғастыруға, нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, жыл сайынғы көмірқышқыл газының зиянды қалдықтарын кемінде 2 млн тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді. Мирный жобасы 250 адамды еңбекпен қамтиды. Тағы 2500 тұрғынның уақытша жұмысқа орналасуына жол ашылады. Әрі 820 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылмақ.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев таяуда Дубайда өткен климат жөніндегі саммитте Қазақстан метан қалдықтарын азайту жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылатынын мәлімдеді. Бүгін қаралған арнайы келісім елімізде жаңартылатын энергия саласындағы ірі жобаны іске асыруды көздейді. Жалпы, заңды жүзеге асыру Қазақстанда «жасыл» энергияның үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08.04.2026, 20:49
Қытайлық ащы өнімдердің 75%-ы талапқа сай емес
08.04.2026, 20:22
Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
08.04.2026, 20:17
Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр
08.04.2026, 20:16
Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
08.04.2026, 20:14
Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық жүріп жатыр
08.04.2026, 20:10
Трамп Тегеранның атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдады
08.04.2026, 20:10