Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
АҚШ пен Иран арасындағы уақытша уағдаластықтан кейін мұнай арзандап, доллар 12 теңгеге қымбаттады. Дей тұрғанмен жыл басынан бері ұлттық валюта нығайған позициясын әлі де жоғалтқан жоқ. Сарапшылар дәл қазір, теңгеге сұраныс артқанын айтады.
АҚШ пен Иранның екі аптаға атысты тоқтату туралы келісімге келгені сол еді, мұнай шамамен 16 пайыз арзандады. Бұл жаңалық жаһандық нарыққа бірден әсер етті. Елімізде доллар 12 теңгеге қымбаттады. Ұлттық валюта жыл басынан бері 27 теңгеге нығайған. Қазір бір доллар 478 теңгенің төңірегінде саудаланып жатыр. Экспорттық түсімнің 55 пайызы мұнайдан түсетін Қазақстан үшін АҚШ валютасының өскені тиімді. Алайда теңге нығайған сайын импорттық тауардың 90 пайызы арзандайды.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:
Теңге нығайып жатыр. Сәйкесінше, экспортқа кететін өнімнің көлемі сол қалпы болса да, доллармен түсетін кіріс артып отыр. Қазір Теңге Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі болып тұр. Сондықтан депозит пен инвестиция құятындар көбейген.
Сондай-ақ ұлттық валютаның нығаюына еліміздегі компаниялардың 10 сәуірге дейін бір жылдық корпортивтік табыс салығын төлеуі де ықпал еткен. Яғни шетелден табыс тапқан компаниялар теңгемен төлем жасай бастады. Бұл теңгеге сұранысты арттырды.
Мақсат Халық, экономист:
Америка мен Иран арасындағы уақытша келісім, уақытша сақталмай қалмауы да мүмкін. Яғни ол екі апта тұрақты боп тұрады деген де сөз емес. Қазір қалай өрбиді? Егер де бұл үдеріс өз күшін жоятын болса, онда Иран тарапы айтып отыр, біз мүлдем бұғазды ашпаймыз, бекітеміз де, мұнай бағасын барреліне 200-ден асырып жібереміз деген жағдайды туғызамыз деп отыр. Егер ондай үдеріс болса, теңгенің күшеюі сақталады.
Ал егер керісінше бұғаз ашылса, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 500-ден жоғары болуы мүмкін, дейді экономистер.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы