Алматыда құрылыс заттары сақталған қойма өртенді
Алматыда қаланың қақ ортасында құрылыс заттарына толы қойма өртенді. Ішінде лак-бояу өнімдері де болғандықтан, қызыл жалын бірден шарпып кеткен. 500 шаршы метр аумақтағы өртті сөндіруге 21 техника, 100-ден астам адам жұмылдырылған. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Өрт сөндірушілері 6 минутта жетіп, оны жарты сағатқа жетпей ауыздықтап үлгерді. Оқиға кеше кешкі 21:00 шамасында болған.
Тілеуберді Мәдиев, Қалалық ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы:
Өрттің көршілес орналасқан қоймаларға таралу қаупі туындады, өртті сөндіру қойма жайлары тез жанғыш бұйымдаға лық толған (битум, лак-бояу) себебінен қиындатты. Өрт орнында штаб жұмысы ұйымдастырылып, үш өрт сөндіру учаскесі құрылып, негізгі басым міндеттер айқындалды. Өртті сөндіру барысында қауіпсіз жерге 3 оттегі және 4 газ баллон эвакуацияланды.
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06