Қиындықты жеңе білген жеңіл атлет көпке үлгі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында жол апатына ұшырап, спорт арқылы аяққа тұрған Бағдат Елібаевтың өмір жолы өзгелерге үлгі. Тағдырға мойымай, қиындықты еңсере білген ол бүгінде ауыл балаларын жеңіл ателтикаға баулып жүр. Өзі де бірнеше мәрте ел біріншілігінде топжарған. Қармақшылық параспортшымен тілшіміз Әділбек Серікұлы кездесіп, сыр шертіп қайтты.
Үшінші топ мүгедектігі бар қайсар жігітті ауылдағылар желаяқ Бағдат деп атайды. Өйткені ол күніне 10 шақырым жүгірмесе көңілі жай таппайды. Біз де оны стадионнан іздеп таптық. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жаттығуын үзбей, дайындалып жүр. Басты мақсаты – биыл Францияда өтетін Параолимпиада ойындарына жолдама алып, ел намысын қорғау.
Бағдат Елібаев, параспортшы:
2008 жылы жол апатына түскенмін. Содан үйде жатып қалдым. 2016 жылы бапкерім спортқа шақырды мені. Қазір қатысқаныма 7-8 жыл болды. Тренер болғым келеді. Олимпиада чемпионы болғым келеді. Азия чемпионы болғым келеді.
Параспортшы қысқа қашықтықтарға ғана емес ұзақ шақырымды республикалық марафондарға да қатысып, жүлдегер атанды. Спорттық мансабында биік белестерді бағындырған Бағдаттың жетістіктіктеріне қарап ауыл балаларының да жеңіл атлетикаға деген қызығушылығы оянып келеді.
Нұрбол Мырзабаев, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі:
Осы спортқа келуіне бірден бір негізгі себепкері Кетебаев Мұратбек ағай. Ірі-ірі халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанды. Алдағы уақытта да біз Бағдаттың бұдан да биік спорттық жетістіктер күтеміз. Қазіргі уақытта өзінің ізбасарларын да дайындап келеді.Денсаулығында кінәраты болғанымен Бағдаттың тәні сау. Спортпен шұғылданып жүріп өмірлік серігін де тапты. Өмірдегі қиындықты жеңе білген жеңіл атлет екі баланың әкесі атанып, өз отбасымен бақытқа бөленіп отыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16