Екпе салдырмаған адамдарға 1414 нөмірінен хабарлама келіп жатыр: ДСМ түсініктеме берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екпе салдырмаған адамдарға 1414 нөмірінен хабарлама келіп жатыр: ДСМ түсініктеме берді

10.01.2024

Қызылша вирусы адам ағзасында 20 жылға дейін сақталуы мүмкін. Мұндай жағдайда вирус ондаған жылдан кейін қайта асқынады. Медицина ғылымдарының докторы, инфекционист-дәрігер Динагүл Баешева осылай деді. Жалпы ел бойынша, жағдай тұрақталып келеді. 2023 жылы 30 мыңға жуық адам вирус жұқтырса, 1-қаңтардан бері/ 1900 ден астам адамнан қызылша анықталған. Ауру жұқтырғандардың 79 пайызы бала, 4 пайызы, жасөспірімдер болса, 17 пайызы ересектер.

Динагүл Баешева, медицина ғылымдарының докторы, инфекционист-дәрігер:

Қызылша тек тыныс жолдарына емес сонымен қатар баланың миына, жүрегіне, өкпесіне, бауырына, бүйрегіне, бүкіл ағзаға әсер етеді. Оның ауырғанын былай қояйық оның асқынуы, бала бүкіл иммунитетін жойып жібереді бұл вирус.
ЕКПЕ САЛДЫРМАҒАН АДАМДАРҒА 1414 НӨМІРІНЕН ХАБАРЛАМА КЕЛІП ЖАТЫР 

Дәрігерлер аурудың алдын алу үшін екпе жұмыстарына ерекше басымдық беріп отырғандарын айтады. Вакцина алуға жататын тұрғындардың 94 пайызы иммундалыпты. Алайда, екпе салдырмағандарға да, 1414 нөмірінен «вакцинациядан сәтті өттіңіз» деген хабарлама келіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Бейбіт Есенбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

Екпе салдырмаған аадамдарға қандай жағдайда СМС хабарлама баруы мүмкін? Егер дәрігер деректерді базаға қате енгізсе. Базада телефон нөмірі қате жазылған болса, Және үшіншісі әрі ең көп кездесіп жатқаны балаларына екпе салдырған кезде ата-анасына осындай хабарлама келеді. Егер вакциналанбаған пациен СМС алса, ол Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласып, деректі түзеттіре алады. 

Хабарламаларға жазылу