Келесі жылы Қазақстан электр энергиясы тапшылығын толық жояды
Қазақстан келер жылы электр энергиясы тапшылығынан толық арылады. Ал 2028-де электр қуатын экспортқа шығара бастайды. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммитте айтылды. Жиында жасыл энергетиканың үлесін арттыруға қатысты да бірқатар ірі жоба таныстырылды. Толығырақ саммиттен әріптесім Нұрсұлтан Тілектес тікелей баяндауға әзір, Нұрсұлтан?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Ар ма, Қонысбек! Қытайлық инвесторлар Қарағанды облысында қуаттылығы 500 МВат-тық жел электр станиясын салып жатыр. Бұл бір ірі қаланың қажеттілігін толық қамтамасыз етпек. Станция екі жылдан кейін іске қосылады. Бұдан да басқа ірі жобалар жетерлік. Мақсат елдегі жасыл энергияның үлесін 15 пайызға жеткізу. Бүгінде ол 7 пайыздан аспайды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстан келер жылы электр энергиясы тапшылығынан толықтай арылып, 2028 жылы электр қуатын экспорттауды көздеп отыр. Бұның бәрі Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммитте айтылды. Ауқымды шараған Орталық Азия және Кавказ елдерінің президенттері, үкімет басшылар, сондай-ақ Еуропалық Одақтың, Шанхай ынтымақтастық ұйымының және Таяу Шығыстан шамамен 1500 өкілі қатысып жатыр. Талқыланатын тақырып ортақ, климаттың нашарлауын, экологиялық апаттардың алдын алу. Әсіресе су тапшылығы, Арал мәселесі талданып жатыр. Еліміздің бұл саммитті ұйымдастырудағы мүддесі – өзін кезекті бір халықаралық диалогтің модераторы ретінде көрсету емес, «жасыл бастамаларды» өңірлік интеграция құралына айналдыру, дейді саясаттанушылар. Шара екі күнге жалғасады. Пленарлық отырыстарда айтылған маңызды мәлімдемелер мен көтерілген бастамалар жайлы алдағы шығарылымдарда тарқатып айтамыз.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семейде тазалықты өмірлік ұстанымына айналдырған азамат тұрады
22.04.2026, 13:20
Қарағанды облысында жылыту маусымы аяқталды
22.04.2026, 13:17
Қазақстан мен Моңғолия мәдениет саласында ынтымақты нығайтпақ
22.04.2026, 13:15
Астана экологиялық саммиті әлем назарында
22.04.2026, 13:10
RES EXPO 2026: Жасыл технология – табыс көзі
22.04.2026, 13:07
БҰҰ: Табиғат апатымен бірге күресуіміз керек
22.04.2026, 13:05
Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр
22.04.2026, 13:00
Қазақстандық музыканттар Римде өнер көрсетті
22.04.2026, 10:11