Қарағанды облысында жылыту маусымы аяқталды
Қарағанды облысы Осакаров ауданына қарасты Молодежный кентінде жылыту маусымы сәтті аяқталды. 2024 жылы мұнда орталық қазандық жаңадан салынып, қолданысқа берілген. Молодежный кентінің 6000-астам тұрғыны бар. Елді мекеннің 90 пайызы орталық жылумен қамтылған. Сондықтан жалғыз қазандықтың күші жетпейді. Ал ескісінің әбден тозығы жеткен. Сондықтан 2 жыл бұрын 850 миллион теңгеге модульдік қазандық салынып қолданысқа берілді. Жаңа жүйе тек сапаны ғана жақсартпай, көмірдің де шығынын азайтқан.
Думан Байдуллин, техникалық директор:
Жылыту маусымын сәтті аяқтадық. 5 қазандықтың тек үшеуі жұмыс істеп тұрды. Аязды күндері төртіншісін қосып отырдық. Бұлардың барлығы жартылай автоматтандырылған. Сондықтан ауыр жұмысты қажет етпейді. Тек бақылап отырса болғаны.
Осакаров ауданында 21 мың шақырым жылу желісі бар. Оның басым бөлігі Молодежный
кентіне тиесілі. Сондықтан биыл құбыр ауыстыру жұмыстары да жүргізілмек. Былтыр
кенттің екінші жартысын жылумен қамтамасыз ету үшін тағы бір модульдік қазандық
іске қосылды. Алдағы уақытта ол да әкімдіктің қарамағына өтпек. Қос жылыту
жүйесінде бүгінде 20 жуық адам еңбек етеді. Олар бұрынғыдай көмір тасып, күл
шығарып қиналмайды. Бар болғаны жұмыс барысын бақылап отырады дейді жауаптылар.
Саят Бекенбаев, Осакаров ауданының ТҮКШ басшысы:
Сәуір айындағы ауа райына екі қазандықпен жұмыс істеп отыр. Қатты аяздарда 3-4 қазандықпен жұмыс істейміз. Күші жетеді. 15 мың МегаВаттық. Жалпы алғанда 120 мың шақырымдық жылыту көлемі бар. Жарты кентті осы қазандықпен жылыта аламыз.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07