БҰҰ: Табиғат апатымен бірге күресуіміз керек
Климаттың өзгеруі табиғи апаттарды үдетіп, әлем елдері үшін басты қауіптің біріне айналды. Су тасқыны, құрғақшылық пен құмды дауылдар секілді құбылыстардың жиілеуі адамзаттан нақты әрекетті талап етіп отыр. Осы бағытта қазір Біріккен Ұлттар Ұйымы табиғаттан төнетін қатерге қарсы тұру үшін ерте ескерту жүйелерін дамытуға басымдық беріп, нақты шешімдер қабылдап жатыр. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан өңірлік экологиялық саммитте арнамызға эксклюзивті сұхбат берген БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Камал Кишор айтты.
Камал Кишор, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі:
Бүгінде климаттық апаттар жиіледі. Ең алдымен, біз бұл апаттардың қай аймақтарда жиі болатынын анықтауымыз керек. Содан кейін жергілікті қауымдастықтармен бірге жұмыс істеп, олардан төнетін қауіпті азайтуға бірлесіп әрекеттенуіміз тиіс. Ол үшін бізде қатермен күресуге қажетті білім, ақпарат, құрал-жабдық пен мүмкіндіктер болуы қажет. Сондықтан тәуекелді түсіну және жергілікті деңгейде төзімділікті арттыру климаттық әсерлерге қарсы тұрудың негізгі жолы. Мен бұл тақырыпты жиі көтеріп келемін. Бүгінгі саммитте де осы сұрақ төңірегінде бірқатар ұсыныс айтамын.
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Телеарналар ғаламтор нарығымен бәсекеге түсіп жатыр
10.09.2026, 20:18
Ғасыр жасаған қарттардың отасқанына 70 жылдан асты
10.09.2026, 20:14
Экологиялық талапқа сай емес көліктерге шектеу қойылуы мүмкін
10.09.2026, 20:13
Президент: Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек
10.09.2026, 20:10
Медицинадағы цифрландыру: 31 млрд теңге үнемделді
10.09.2026, 20:09
Депутат бейәдеп контент үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды
10.09.2026, 20:08
Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады
10.09.2026, 20:06
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
10.09.2026, 20:05