Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына жаңа эпизодтар бойынша қосымша айып тағылды
Қайрат Сатыбалдының мемлекетке қайтарған қаражат көлемі/ 650 миллиард теңгеге жетті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов хабарлады. Оның айтуынша қазір "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру" бабы бойынша тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілген. Ал "Салық төлеуден жалтару" фактісі бойынша, сотқа дейінгі тергеу әлі жалғасып жатыр.
Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
Сатыбалдыұлы қылмыстық жолмен алынған қаражатқа және заңсыз ақшадан түскен пайдаға түрлі мүлікті оның ішінде шетелден сатып алып, ақшаны Қазақстан аумағындағы және шетелдегі банк шоттарына салған.
А.МҰХАМЕДИҰЛЫНА ҚОСЫМША АЙЫПТАР ТАҒЫЛДЫ
Агенттік бұдан бөлек, атышулы өзге де қылмыстық істерге қатысты тың деректер жариялады. Мәселен, бюджеттің 221 миллион теңгесін жымқырғаны үшін 8 жылға сотталған Арыстанбек Мұхамедиұлына жаңа эпизодтар бойынша қосымша айып тағылған. Мәліметтерге сай, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі және Ұлттық музейдің экс-директоры спорт мектептерінің бірін өз атына заңсыз аударып алмақ болған. Әрі Астанадағы қонақ үйлердің бірін рейдерлік жолмен тартып алмақ болды деген айып тағылып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тұрақты болашақ – ортақ көзқарас» Өңірлік экологиялық саммитінде сөйлеген сөзі
22.04.2026, 14:41
Семейде тазалықты өмірлік ұстанымына айналдырған азамат тұрады
22.04.2026, 13:20
Қарағанды облысында жылыту маусымы аяқталды
22.04.2026, 13:17
Қазақстан мен Моңғолия мәдениет саласында ынтымақты нығайтпақ
22.04.2026, 13:15
Астана экологиялық саммиті әлем назарында
22.04.2026, 13:10
RES EXPO 2026: Жасыл технология – табыс көзі
22.04.2026, 13:07
БҰҰ: Табиғат апатымен бірге күресуіміз керек
22.04.2026, 13:05
Келесі жылы Қазақстан электр энергиясы тапшылығын толық жояды
22.04.2026, 13:03