Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

10.01.2024

Бүгін еліміздің барқатар өңірінде ауа райы тағы құбылды. Боран соғып, толассыз қар жауды. Синоптиктер дауылды ескерту жариялады. Мұндай ауа райы қаңтардың 13-іне дейін созылатынын айтты. Алдағы күндері аяз күшейіп, минус 32 градус болмақ. Қазірдің өзінде, 9 аймақта көліктің барлық түрлері үшін/ республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар жабылды. Егер елордада ауа-райы жақсармаса, бастауыш сынып оқушылары ертең де қашықтан оқуы мүмкін.

Бүгін еліміздің барқатар өңірінде ауа райы тағы құбылды. Боран соғып, толассыз қар жауды. Синоптиктер дауылды ескерту жариялады. Мұндай ауа райы қаңтардың 13-іне дейін созылатынын айтты. Алдағы күндері аяз күшейіп, минус 32 градус болады деп болжады. Қазірдің өзінде 9 аймақта көліктің барлық түрлері үшін республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар жабылды. Егер елордада ауа-райы жақсармаса бастауыш сынып оқушылары ертең де қашықтан оқуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар министрлігі дәл қазіргі уақытта қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Ұзақ сапардан және алыс жерге жаяу жүруден бас тартып, дауылды күнді үйден шықпағаныңыз жөн.

БІР КҮНДЕ 9 АДАМ ЖОҒАЛДЫ

Атырау облысында ауа-райы күрт нашарлап бір күнде 9 адам жоғалды. Доссор кентінен Қарабау ауылына жолға шыққан үш азамат әлі іздестіріліп жатыр. Олар кеше түскі сағат 11-де шыққаннан хабар-ошарсыз кеткен. Іздеу-жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылды. Ал бүгін табылған 6 адам дін аман. Қазір үйлеріне жеткізілді.

Жақсығали Сұлтанғалиев, Атырау облысының тұрғыны:

Автокөлігіміз балшыққа батып кетіп, екі жігіт орталыққа көмек сұрап шықты. Біздер машинада белгі беріп қалдық. Айналғанда біздерге негізгі көмек Индер МЧС құтқару мекемесі және полиция бөлімі бізге келіп, қамқорлық жасап көмектесті.

ЖАМБЫЛДА ЖОЙҚЫН ЖЕЛ

Жамбылда да жойқын жел тұрып, әулиеаталықтарды әбігерге салды. Секундына 30 метр жылдамдықпен ұйытқыған дауылдан үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлады. Ал 5-ші шағын ауданда үлкен ағаш балалар алаңын басып қалды. Кей көшелерде электр бағаналары да қирап жатыр. түскі аусымдағы сабақтар тек 30 минуттан ғана оқытылды.

КҮНІ БОЙЫ ЖАУҒАН ҚАР АЙЛЫҚ НОРМАДАН АСТЫ

Елордада түс ауа қар ұйытқып, боран соқты. Атыраудан шыққан бір ұшақ Астанаға жете алмай Алматы әуежайына қонды. Әуежай басшылығы күн райына байланысты біраз ұшақ кешігіп ұшуы мүмкін екенін ескертті. Ал Астана-Қарағанды тасжолында қарыс қадам көрінбейді. Ұйытқып соққан бораннаң кесірінен көліктер жол бойында тұр.

Тәуірбек Бозекен, тілші:

Ал Қазгидрометтің мәліметінде бүгін Астанада күні бойы жауған қар айлық нормадан асып кеткен. Желдің екіпіні басылды. Қазір Елордада 1600-ге жуық арнайы техника мен 2400-ден аса жұмысшы көшелерді қардан тазартуда.

Хабарламаларға жазылу