17 өңірде дауылды ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

29.03.2024

Еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер біраз аймақта жаңбыр жауып, секундына 20 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжап отыр. Әсіресе, Қостанай, Ақтөбе, Ақмола облыстарында қарлы боран болуы мүмкін. Ал батыс пен оңтүстік өңірдегі облыстар және Абай, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар өңірлерінде түнде найзағай ойнап, күндіз қатты жауын болады. Қолайсыз ауа райы 31 наурызға дейін жалғасуы мүмкін.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу