Ауа райының бұзылуына байланысты 8 өңірде дауылды ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райының бұзылуына байланысты 8 өңірде дауылды ескерту жарияланды

18.04.2022

Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер еліміздің сегіз өңірінде ескерту жариялады. Бүгін Нұр-Сұлтанда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 18 метр, ал Алматыда 25 метрге жетеді. Қызылордада күн күркіреп, найзағай ойнаса, Ақтөбеде тұман болады. Ал Шымкент пен Түркістанда күн бұзылып, қатты дауыл тұрады.   

Саламат Омаш 

Хабарламаларға жазылу