Қазгидромет еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жариялады

15.05.2020

Мамандардың болжамынша тұрақсыз ауа райы әлі де сақталады. Атап айтсақ, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Батыс пен Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетпек. Бұршақ жауып, тұман түсуі мүмкін. Сондай-ақ синоптиктер Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталатынын да ескертеді.  

Ләйла ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу