Шілдеде республиканың үш өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шілдеде республиканың үш өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

28.06.2022

Синоптиктер бүгін елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялап, +41 градусқа дейін аптап ыстық болатынын хабарлайды.

Болжам бойынша, Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмін. Таулы аймақтарда жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Петропавлда, Батыс Қазақстан облысында күндіз найзағай ойнайды. Қызылорда облысы +41°С қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Мұндай болжам Қарағанды және Ұлытау облыстарына да тиесілі.

Сондай-ақ «Қазгидромет» мамандары шілдеде республиканың үш өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін, дейді. Статистикалық болжамға сәйкес, тек Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы мен Қызылорда облысының Қармақшы, Қазалы аудандарында жауын-шашын тапшылығы күтілуде. Бұл айдың алғашқы онкүндігінде сақталады.

Хабарламаларға жазылу