Еліміздің кей өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің кей өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

19.04.2022

Бүгін Шымкентте күн күркіреп, қатты жел соғады деп күтіліп отыр. Синоптиктер еліміздің тағы алты өңірінде дауылды ескерту жариялады. Түркістанда найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы мен Қызылорда облыстарында да қатты жел соғады, дейді мамандар. Екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Хабарламаларға жазылу