Өзбекстанның екі бірдей аймағында қар көшкіні жүру қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанның екі бірдей аймағында қар көшкіні жүру қаупі бар

10.01.2024

Өзбекстанның екі бірдей аймағында қар көшкіні жүруі ықтимал. Ташкент және Наманган облыстарындағы бірқатар таулы аудандарға табиғи апат қаупі төнді.

Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр. Осыған орай, құтқарушылар аталған облыстардағы бірнеше ауданның тұрғындарына аса сақ болуды ескертеді. Әсіресе, саяхатшылар мен өзге елдерден келген демалушыларды тауға шығудан мейлінше аулақ болуға шақырды. Өткен жылы Өзбекстанда төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар саны 34% кеміген. Тиісті министрлік өкілдерінің мәліметінше, бұған алдын алу шараларының сапалы жүргізілуі оң әсер еткен.

Фурқот Абдуқодиров, төтенше жағдайлар министрлігінің басқарма басшысы:

2023 жылы елде 12 өрттен құтқару бекеті салынды, тағы 4 нысан күрделі жөндеуден өтті. 50-ге тарта арнайы техника сатып алынды. Сондай ақ су тасқыны мен өзге де апаттарды болдырмау мақсатында, жыл бойы 200 ден астам оқу- жаттығу жиыны өткізілді.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу