Қарағанды облысында мемлекеттік қызметкер 10 жылдан соң ақталды
Қарағандыда осыдан 10 жыл бұрын жемқорлық үшін сотталған мемлекеттік қызметкер толық ақталып, қызметіне оралды. 2014 жылы облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманы басқарған Мұрат Қаракекілов «пара алды және қызметін асыра пайдаланды» деген күдікке ілініп, сот үкімімен 1,2 миллион теңге айыппұл салынған болатын. Алайда айыпталушы мұнымен келіспей, іс жоғарғы сотқа дейін жетіп, ол өзінің кінәсіз екенін дәлелдеген. Енді ол өзіне келтірілген нұқсан үшін тиісті органдардан 30 миллион теңге өндіруді талап еткен. Сот үкіміне байланысты 3 миллион теңге өндірілетін болды.
Мұрат Қаракекілов, облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы:
Ол ақша менікі екенін мен басынан бастап айттым. Бірақ тергеу кезінде жіберген қателіктерден соң бірінші сотта мені айыптап, айыппұл салған болатын. Бірақ жоғарғы сотта мен өзімнің құқығымды қорғай отырып ақталдым. Жоғары сот шешімі арқылы облыстық сот мені қайта қызметке тағайындау жөнінде шешім шығарды.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06