Ақмола облысында сұлыны қымбат бағада сатып алмақ болған
«Бурабай» ұлттық табиғи паркі жануарларға берілетін дәнді-дақылдарды шамамен екі есе қымбат бағада сатып алмақ болған. Бұны «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігі анықтады. Олардың айтуынша, мемлекеттік мекеме осылайша 32,2 миллион теңгеге 206 тонна сұлыны алуды көздеген. Яғни, әр тоннасы 156 мың 250 теңгеден. Алайда, оның нарықтағы бағасы 55 мың мен 75 мың теңге аралығында. Ал ұлттық табиғи парктің баспасөз қызметі аталған тауар мемлекеттік сатып алу порталы арқылы былтырғы бағамен сатып алынбақ болғанын хабарлады. Оған тек инфляция өсімі қосылған.
Самира Тайтенова, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының сарапшысы:
Осыған сәйкес біздің ұйымның атынан «Бурабай» табиғи ұлттық паркіне тиісті хаттама жіберілген болатын. Соны қарастыру аясында бүгінгі таңда сол конкурстың хабарламасы өз күшін жойды. Болашақта тиісті қаражатты бөлу аясында басқа тиімді бағамен жарияланатын болады.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ халқының көмескіленген этнографиясы
22.04.2026, 20:58
Сарапшы: Жаңбыр суын жинау тәжірибесі маңызды
22.04.2026, 20:11
Жасыл технология – табыс көзі
22.04.2026, 20:10
Астана экологиялық саммиті – әлем баспасөзінің назарында
22.04.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
22.04.2026, 20:08
Тұрғындар балаларын мектепке жіберуге қорқады
22.04.2026, 20:06
Өңірлік экологиялық саммиттің айшықты сәттері
22.04.2026, 20:06
Саммит аясында «Балалар денсаулығын қорғаудың заманауи стратегиялары» атты жиын өтті
22.04.2026, 20:05