Үкіметтің өнімді жұмыс істеуі үшін мүмкіндіктері жеткілікті - Президент
Мемлекет басшысы Үкіметтің өнімді жұмыс істеуі үшін мүмкіндіктері жеткілікті деді. Яғни, олар стратегиялық міндеттер мен күнделікті жұмысын қоса атқарады. Қасым-Жомарт Тоқаев ең бастысы, Үкімет басындағылар тиімді жоспарлау мен ресурстарды орынды пайдалануды әлі де жүйелеу керектігін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
«Бүгінде Үкіметтің өкілеттігі айтар¬лық¬тай кеңейді. Қыркүйек айында құры¬лымы өзгерген Президент Әкім¬шілігі еліміздің әлеуметтік-экономи¬калық дамуына қатысты стратегиялық бағыттарға баса назар аударатын болды. Енді Әкімшілік бұрынғыдай Үкіметті, кейбір министрліктер мен ведомстволарды жетелеп жүрмейді. Президент Әкімшілігі атқарушы биліктің қызметіне араласпай, бас¬ты саяси штаб ретінде ғана жұмыс істейді. Бір сөзбен айтсақ, қазір Атқарушы билікке жан-жақты ойластырылған іс-қимыл стратегиясы және өз міндетін тиімді жүзеге асыруға деген ынта-жігер ғана қажет. Дербестікке және қосымша өкілеттікке ие болуға ұмтылған Үкімет қалағанын алды. Бірақ «алмақтың да салмағы бар», оларға қойылатын талап та күшейді. Үкімет мұны түсінуге тиіс».
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08.04.2026, 20:49
Қытайлық ащы өнімдердің 75%-ы талапқа сай емес
08.04.2026, 20:22
Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
08.04.2026, 20:17
Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр
08.04.2026, 20:16
Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
08.04.2026, 20:14
Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық жүріп жатыр
08.04.2026, 20:10
Трамп Тегеранның атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдады
08.04.2026, 20:10