Оралда дәмханада газ жарылып, екі адам қаза тапты
Оралда тәулік бойы істейтін дәмханада газ қоспасы жарылып, екі адам қаза тапты. Қираған ғимарат астында әлі де адамдар бар дейді құтқарушылар. Апаттан құтқару шаралары жалғасып жатыр. Қазір осы өңірдегі әріптесім Ардақ Мұратқызы бізбен байланысқа шығуға әзір тұр.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Қайғылы оқиға түнгі сағат 02:00 шамасында болған. Әуелі газ қоспасы жарылып, ғимарат құлап, кейін өрт шыққан. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, дүмпуі көрші тұрған үйлердің терезесін сындырып жіберген. Құтқарушылар қираған ғимараттың астынан екі адамның денесін алып шықты. Алты адам құтқарылды. Олардың 5-еуі ауруханаға жатқызылды. Біреуі дәрігерлер бақылауынан бас тартты. Ауруханадағы 2 ер және 2 әйел адам жансақтау бөлімінде, бір ер адам травматология бөлімінде ем алып жатыр. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Апаттан құтқару жалғасып жатыр. Оқиға орнында төтенше жағдайлар, полиция, жедел жәрдем күштерінің мамандары жұмыс істеуде.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06