Үкімет басшысы әуе рейстерінің кешігуін азайтуды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы әуе рейстерінің кешігуін азайтуды тапсырды

03.01.2024

29 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында кешіктірілген немесе тоқтатылған рейстердің билет құнын әуе компаниялары 100% қайтаруға тиіс. Жаңа жылдағы алғашқы жұмыс кеңесін өткізген премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деп мәлімдеді. Үкімет басшысы әуе рейстерінің бірнеше сағатқа шегерілуін азайту үшін әуе компаниялары мен әуежайлар арасындағы үйлестіруді күшейтуді тапсырды. Соған сай қолайсыз ауа райында жолаушыларды тасымалдау бойынша арнайы іс-қимыл алгоритмі әзірленеді. Әуежайларды арнайы техникамен, құрал-жабдықтармен қосымша жарақтандыру, жолаушыларға хабарлама таратуды күшейту мәселелері де пысықталмақ.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

25 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық өңірлерінде ауа райы күрт бұзылды. Әкімдіктер қолайсыз ауа райы жағдайына өзара іс-қимыл бойынша барлық қызметтердің жұмысын үйлестіруді күшейту керек. Көлік министрлігі мен казавтожол компаниясы республикалық және халықаралық маңызы бар автожолдарда қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алуы тиіс.


Хабарламаларға жазылу