Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында бірқатар салада байланыс артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында бірқатар салада байланыс артады

28.09.2022

Қазақстан мен Сауд Арабиясы туризм, мәдениет және азаматтық авиация саласы бойынша ынтымақты арттырады. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мемлекеттің Қажылық және умра министрі Тауфик бен Фаузан әл-Рабиамен кездесті. «Биыл 4 мың отандасымыз қажылық парызын өтеді. Бұған Сауд Арабиясы басшылығының күш-жігерінің арқасында қол жеткіздік», - деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ ол Астанада өткен дін көшбасшыларының VII съезіне белсенді қатысқаны үшін, Корольдік өкілдеріне алғыс білдірді. Тауфик бен Фаузан әл-Рабиа тұрақты тікелей әуе рейстерінің ашылуы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға қосымша серпін беретінін айтты.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу