ДСМ 4 елмен әуе қатынасын азайтуды ұсынды

14.10.2020
ДСМ 4 елмен әуе қатынасын азайтуды ұсынды

Әлемде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және Қазақстанға коронавирус инфекциясының сырттан тасымалдануына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Украина, БАӘ, Германия және Беларусьпен әуе қатынасын азайтуды ұсынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді.

«Әлемдегі КВИ бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шекарада бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Украина, БАӘ, Германия және Беларусьпен әуе рейстерінің санын қысқарту мәселесі талқыланды», - деді ол брифингте.

Айта кетейік, 6 қазаннан бері Қазақстан шекарасын автомобильдік өткізу пункттері арқылы 33 600 адам кесіп өтті. 3322 адам карантиндік стационарларға жатқызылды, олардың 60-нан індет анықталды. Халықаралық авиарейстермен 14 832 жолаушы келді, оның 3 051-і тестілеуден өтті, 9-нан вирус табылды.


коронавирус ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері шекара әуе қатынасы

Хабарламаларға жазылу