АҚШ-та мұхитта жоғалған америкалық табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та мұхитта жоғалған америкалық табылды

07.08.2023

АҚШ-тың жағалау күзеті Атлант мұхитында 35 сағат бойы іздеуде болған тұрғынды құтқарып қалды. 25 жастағы Чарльз Грегоридің қайығы жағадан ұзап кеткенде жойқын толқыннан аударылып қалған. Бірақ балық аулауға шыққан америкалық бар күшін құрдымға кетпеуге жұмсаған.

Ол апат кезінде құтқару жилеті мен ұялы телефонын жоғалтып алған. Америкалық теңізшілерге акулаларды көріп қатты үрейленгенін және өзін медузалар шағып алғанын да айтып берді. 


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу