Жапонияда іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. Қуаты 7,6 баллдық жер сілкінісінің ошағы елдің орталығындағы Ното түбегінде анықталды.
Соңғы мәліметке қарағанда, дүмпуден 57 адам қаза тапты. Үйлер құлап, ғимараттар өртеніп, жолдар бұзылған. Соның салдарынан құтқару жұмыстары қиындап отыр. Премьер-министр Фумио Кисида мәлімдегендей, Нотоға 3 мыңдай құтқарушы жетуге әрекеттеніп жатыр. Ал әскерилер үйлерін тастап кеткендерге азық-түлік, ауыз су және көрпе таратып жатыр. 57 мыңдай адам эвакуацияланған. Цунами қаупі туралы дабыл доғарылды. Ал Токионың «Ханеда» әуежайында апат жайлаған аудандарға көмек тиелген ұшақ жолаушылар ұшағымен соқтығысып, бес адам қаза тапты. Ал отқа оранған екінші лайнердегі 379 адам түгел сыртқа шығарылған. барлығы дін аман.
Арыстан Рысбек