«Qazaqstan» Ұлттық арнасы жаңа жылда көрерменге тосын сый жасамақ. Ертең ең үздік отандық фильмдер мен Диснейдің ең танымал өнімдері көрсетіле бастайды. Хит-шеруді кинотеатрлар жақында ғана көрсеткен, жылдың «үздік комедиялық фильмдерінің» бірі деп танылған «Жар-жар» бастайды. Ал, 31 желтоқсанда мерекелік хабардың төресі – «Жақсылықпен кел, Жаңа жыл - 2024!» мега жобасы эфирге шығады. Бұдан бөлек, дәл осы күні 17 әншінің “Жарқын жүздесу” бенефис-шоуы болады. Өнер иелері бұл кешке ең жақын адамдарымен бірге қатысады. Толығырақ әріптесім Асылбек Данияр тарқатып айтады.
Жаңа жылдық бағдарламаларды әлемдік мега жоба - «Qazaqstan дауысы» бастайды. Ертең жоғары рейтингіге ие ән додасының жеңімпазы белгілі болады. 3,5 мың өтінімнен іріктеліп, 100-ден астам қатысушының ішінен оза шапқан төрттік бәсекеге түседі. Үздік дауыс иесін әрине, көрермен дауыс беру арқылы таңдайды. Жаңа маусымның финалистері: Мұса Марат, Нарқыз Жанұзақова, Азамат Төрехан және Мұхаммедәлі Жүгінісов.
Балаларға базарлық. Ұлттық арнада Уолд Дисней апталығы. Егеуқұйрық аспаз - Реми «Рататуйын» ұсынады. Ал, патшалықты қорғамақ болған апалы-сіңілі Анна мен Эльза шытырман оқиғаларымен бөліседі. Кішкентай су перісі Ариэль болса, қиындыққа тап болған теңіз тұрғындарын қалай құтқарғаны жайында айтып береді.
Жаңа жылдың символы – шырша болса, сәні комедиялық фильм - «Үйде жалғыз қалғанда». Мерекені отбасылық саяхаттан қалып қойған Кевинмен бірге өткізіп, көңіл көтеріңіз. Айтпақшы, Ұлттық арна фильмнің барлық бөлімін көрсетеді.
Қазақтың «Битлзі», аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі туралы көркем фильмді де бірінші болып бізден көріңіз.
31 желтоқсанда сағат 18:00-де жылдың соңғы премьерасы – «Жар-Жардың» телеарнадағы тұсаукесері болады. Әзірге, кинотуынды ютубқа шықпайды. Фильм продюсері Гүлнұр Мамасарипованың айтуынша, туында отбасын құруға оқталып жүрген жандарға терең ой салады.
Гүлнұр Мамасарипова, продюсер:
Бұл қазаққа керек дүние деп ойлаймын. Арзан күлік емес, айтатын ойы бар, мессежі бар. Әр адам өзіне қандай да бір тұжырым жасайды деген оймен, мақсатпен түсірілді. Сондықтан, той жасағалы жүрген, үйленейін деп жүрген, тұрмысқа шыққалы жүрген қыздар міндетті түрде көріңіздер. Ата-Аналарыңызбен көріңіздер. Сіздің миларыңыздар қазір неше түрлі салюттар тұрған шығар, «Жар-жарды» көргеннен кезде сіздер өмірдің барлығы жарқ-жұрқ еткен салют емес екенін түсінесіздер.
Бұдан бөлек, жаңа жылдың басты хабары – «Жақсылықпен кел, Жаңа жыл - 2024!» бағдарламасы. Ол 31 желтоқсан күні сағат 21.00-де басталып, 6 сағатқа созылады. Бұдан бөлек, «Beu Awards-2023» заманауи музыкалық жүлдесін табыстау рәсімі де көрсетіледі. Біздің арнамен 2024 жылды кино және эстрада жұлдыздарының ортасында, позитив толқынында бірге қарсы алыңыз.