Оралдық ғалым Сәрсенбек Монтаев өндірістік жобаны жүзеге асыру үшін 75 млн теңге мемлекеттік грант жеңіп алды. Ол химиялық қоспасы көп, тұзды суды тазалап, тұшытатын сорбентті сүзгі ойлап тапқан. Қазір бұл технология шаруа қожалықтарында қолданылып жатыр. Ғалымның өнертабысы табиғи тастан бірнеше есе жеңіл, төзімді әрі экологиялық таза өнім болып шықты. Енді жылыжайға арналған жасанды топырақты қайта өңдеу технологиясын ұсынып отыр. Шетелден әкелінетін гидропониканың орнына қой жүнін пайдалануға болатынын дәлелдеген. Қазір осы жобаларын өндіріске енгізу үшін 300 млн теңгенің конкурсына қатысып жатыр. Сәрсенбек Монтаев биыл «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%-ы» рейтингіне де енді. Ғалым «Болашақ» бағдарламасы аясында Жапонияда ғылыми тағылымдамадан өткен.
Сәрсенбек Монтаев, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ профессоры, техника ғылымдарының докторы:
Керамикалық төсеніштерді пайдалануды ұсынамыз. Оның технологиясы жасалды бізде. Оның шикізаты кәдімгі барлық өңірде кездесетін саздың негізінде алынады. Экологиялық жағынан өте тиімді материал.
Ардақ Мұратқызы