Ақмола облысында қызылша жұқтырғандар саны екі есе өсті
Ақмола облысында бір айда қызылша жұқтырғандар саны екі есе өсті. Қарашада 96 жағдай тіркелсе, желтоқсан айында 219 адамнан инфекция анықталған. Дені вакцина алмағандар. Қазір мектепге дейінгі ұйымдар бақылауға алынып отыр. Себебі, індетпен ауыратындардың көбі – төрт жасқа дейінгі балалар. Мамандардың айтуынша, бір топқа баратын балалардың 90 пайызы жұқпалы ауруға қарсы екпе алған болуы керек. Алайда, тексеріс барысында балабақшалардың 25 процентінде бұл талап сақталмағаны анықталды. Жалпы аймақта қызылша жұқтырды деген күдікпен 460 науқас тіркелген. Оның 358-і расталыпты.
Айнагүл Мусина, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
Өткен апталарда күніне 10-15 адам қызылша жұқтырса, қазір жағдай тұрақталып келеді. Бір тәулікте 3-6 тұрғын. Қазір жұқпалы ауруға қарсы екпе науқаны қарқынды жүріп жатыр. Оны 20 мыңға жуық адам алды. Вакцина қоры да жеткілікті. Жалпы облысқа 46 мың доза жеткізілді.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13