Қарқаралыда қасқыр 3 адамды жарақаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарқаралыда қасқыр 3 адамды жарақаттады

21.12.2023

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында тұрғындарға шапқан қасқыр атып өлтірілді. Бүгін таңертеңгілік түз тағысы үш адамды жарақаттаған. Бірінің азу тиген жарақаттары тым терең. Полиция бөлімінің 4 көлігі мен 25 қызметкері, ветеринарлар және орман шаруашылығының мамандары күні бойы қала ішіне кірген бөріні ұстаумен айналысты. Таулы-орманды өлкеде боран соғып тұрғандықтан ізге түсу қиынға соқты,-дейді мамандар. Үрейлі жұрт балаларын сабаққа жібермеген. Айта кету керек, қасқыр қорадағы малға да шапқан.

Нұрболат Баймұрынов, Қарқаралы аудандық ауруханасының хирург-дәрігері:

Үш пациентке де керек деңгейінде медициналық көмек жасалып, вакциналар салынды. Пациенттер амбулаторлық ем алады. Қазір үйлеріне жіберілді. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Өзге қала тұрғындарынан мұндай шағымдар болған жоқ.


Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу