Қостанайда қаланы кезген сиыр үш адамды жарақаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда қаланы кезген сиыр үш адамды жарақаттады

12.07.2022

Қостанайда қаланың қақ ортасында сиыр кемі үш адамды жарақаттаған. Кейін жануардың союға апара жатқанда көліктен секіріп түсіп қалғаны белгілі болды. Қаланың шуынан үріккен сиыр айнала жүгіріп, жолында кездескендерді жайпап өте берген. Осылайша қаланың тең жарымын шарлапты. Ақырында оны бірнеше ер адам мен полицейлер оқу орындарының бірінің ауласына ұстаған. Жануарды тексерген ветеринарлар оның Әулиекөл тұқымына жататынын, денсаулығында еш ақау жоқ екенін анықтады. Күллі қаланы дүрліктірген сиыр әрі қарай ет комбинатына жөнелтілді.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу